Каменный мектебі Солтүстік Үстірт барлау экспедициясының Үстіртке келіп орналасуына байланысты 1965 жылы бастауыш мектеп болып ашылды. 1966 жылдан бастап сегізжылдық мектеп болып үлкейді.1965 жылы Гурьев облысы Ембі ауданына қараса,1966 жылдан бастап Маңғыстау ауданына қарады.Алғашқы кезде бір ғана үйге орналасқан бастауыш мектеп 2-3 жыл өткен соң-ақ үш үйге орналасқан орталау мектеп дәрежесіне жетті. Орта есеппен жылына 240-250 шәкіртті оқытты. «Каменный орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің басшы қызметкерлерін еске алсақ:
Мектеп директорлары:
Баязов Бәйден -1965 ж
Мергенов Сәбидолла -1966-1970ж
Жұмағазин Бектұрған – 1970-1975ж
Шотбасов Оңайбай – 1975-1989 ж
Бабасов Самат -1989-2007ж
Есентурлин Оңайбай -2007-2008ж
Самандаров Избасар -2008-2009ж
Ақшауова Базаргул -2009 -2013ж
Кадырова Нурсулу- 2014-2016ж
Мусиев Берик -2016-2017
Жұмағазина Маржан -2017-2025
Көбеншеев Бекбол -2025ж
Оқу ісінің меңгерушілері
Қозжанов Тілекқабыл -1967ж
Рысбаев Мырзабай-1968ж
Жұмағазин Бектұрған-16969-1970ж
Нажетов Шайхат -1971-1976ж
Жолмуханова Жәния -1976-89ж
Измуханова Айсулу-1990ж
Есениязова Байбатпа-1991-1992ж
Құлгелдиева Ақбала -1992 ж
Бабасов Самат -2017-2008ж
Сапарбаева Ғалия -2009 ж
Наужанова Зинашхан-2010ж
Елеусинова Гулзира-2011ж
Кадырова Нурсулу -2012-2014ж
Жұмағазина Маржан -2015-2017ж
Алиев Нурғиса-2017ж
Нуржауова Жадыра -2017 ж
Ысқақова Оразгул -2018 -2025ж
Жұмағазина Маржан -2025ж
Мектебімізде озық тәжірибелерді лекциялар мен сабақтарда пайдалану әдістемесі жасалған: озық тәжірибені игеруге қажетті икемділік, дағдылық, шеберлік, іскерлік үйренуге ұмтылушылық сияқты қасиеттер мұғалім тарапынан талап етіледі. Әдістеме кабинетінің жанынан 4 әдістемелік бірлестік ұйымдастырылған.
Бастауыш сыныптар пән бірлестігі
1Гуманитарлық пәндер бірлестігі
2Политехникалық циклдағы пәндер бірлестігі
3Сынып жетекшілер семинары
Мектептегі 41 педагог-мұғалімдер осы 4 бірлестікке мамандығына қарай бөліп топтастырылған.
Өтпелі кезеңде жаңғыру идеологиясынның саяси мәдениетін қалыптастыруда, оның прогресс жолымен дамуына, имандық идеяларды жүзеге асыруға білім беру жүйесін тікелей қатысты. Сынып жетекшілер бірлестігінде тәрбие мәселелері толық қамтып, халықтың тәрбие көздерін негізге ала отырып жасалған. Айына 1 рет ашық тәрбие тағылым сағаттар өткізіліп әртүрлі тақырыпта қамтитын баяндамалар оқылып, тәжірибелер алмасып отырады.
Оқытудың үлгі нұсқаларын сараптауда педагогикалық ұжым мұғалімдеріне толық еркіндік беріліп, бағдарламалық материалдарды шығармашылықпен өткізуіне мүмкіндік туғызады. Азғана ұжымдағы қызмет ететін мұғалімдер ішінде шеберлігімен іскерлігі, ұшқыр ой-қиялмен бірге сынып оқушыларын зерттеп, білім нәтижесінде семинар, конференция, диспут сабақтар өткізіп жүргендер бар. Олардың іс-тәжірибелерін методикалық бұрыштарға ұсынып, бірлестік отырыстарында талдап таратып отырамыз. Біздің мектептің шағын коллективі де халқының тіліп біліп, құрметтейтін, мәдениетімен тарихын, дәстүрмен салтын терең оқып менгерген, нағыз жетілген қазақтың ұлы мен қызын тәрбиелеу жолында шама-шарқынша жұмыстана береді. Біздің мектебімізде жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде оларға жан-жақты білім беру жолында атқарылып жатқан игі жұмыстар көп.
Бүгінгі күннің басты талабы –қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып, мектептің материалдық базасын күшейту, соның негізінде жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу. Халқымызда ертеден келе жатқан ұлағатты сөздер бар. «Үш байлығынды: елің мен жеріңді және тіліңді құрметте!» Еліңді жамандасаң көмусіз қаласың, жеріңді қорғамасаң -кебінсіз қаласың, тіліңді қорласаң-қадірсіз боласын». Осы сөздердің қадірін білген бабаларымыздың: ақ сөйлеп адал күлетін бол, шындықты жақтап жүретін бол, сырласудың сырын білетін бол»,- деп кейінгі ұрпақтарға берген ақ батасының тәрбиелік мәні зор. Салт-дәстүрсіз халық болмайды. Ол халықтың саналық қасиетінің, адамгершілік өмір сүру талабының басты өлшеуші. 1-4 сынып «Балдырғандар ата-баба елінде» тобы, 5-8 сынып «Жас Ұлан » тобы, 9-11 сынып «Мұрагер» тобы бойынша оқу жылының басында бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасайды. Оқушылардың ата-аналарын қатыстыра отырып 5 сыныпта «Жас Ұлан» тобына, ал Тәуелсіздік күні қарсанында «Балдырғандар ата-баба елінде» тобына 1 сынып оқушыларының қабылдану ертеңгілігі ата –аналардың, мұғалімдермен оқушылардың бірігуі арқылы дәстүрлі түрде өтуде. Ұландарды ұлттық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа әдебиетіміз бен мәдениетімізге, өнерімізге тарихымызға баулып өсіруде бағалы бастама көтеріліп, игілікті шаралар өткізіліп келеді.
Сол бір жылдары өзінің заманына қарай өз қарқынымен дамыған Каменный орта мектебі 2001жылдан бастап «Ә. Махутов орта мектебі» 2013жылдан бастап «Ә. Махутов атындағы мектеп балабақша кешені» КММ-сі. Бұл алтын ордасында осы мектепке басшылық етіп ұйымдастыру мен сапалы білім беру, саналы тәрбие беру жолында бірнеше мектеп директорлары және оқу ісі меңгерушілері мен үлгілі ұстаздар қызмет етті. Биыл мектептің құрылғанына еңселі 50 жыл толып отыр. «Елу жылда,ел жаңа» дегендей, «Ә.Махутов атындағы МБК»де өсіп, жетіліп, көркейген.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы милиондаған жыл жасап келеді.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-білім, оқу. «Надан жұрттың болашағы қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов атамыз айтқандай, егеменді еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет оқушыларды жан-жақты, жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Ш.Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сана негіз бола алады, олар — адал еңбек, мінсіз ақыл ,таза жүрек» деген екен. Осы асыл қасиеттерді шәкірт бойына сіңіріп, білім дәнін себетін аяулы жан-ұстаз.Ұстаз — өз уақытын аямайтын, өзге баласын аялайтын жан, қазіргі таңда ұстаздар алдында міндеттер зор.
2025-2026 оқу жылында мектепте 280 оқушы бар, 41 мұғалім , 65 орындық бала бақшада 12 тәрбиешісі бар.
