Маңғыстау обл., Бейнеу ауданы, Толеп ауылы, А.Махутов көшесі, 12Б
87293232326, 87765471202

Кәсіптік бағдар беру бұрышы

Ақпарлама

«Ә.Махутов атындағы мектеп-бөбекжай кешені» КММ-сі кәсіптік бағдар беру бойынша 2025 жылдың қаңтар айының 17 жұлдызында  9-11 сыныптардың ата -аналары  арасында мектепішілік  «Бағыт және мамандық» тақырыбында жиналыс өткізілді.Кәсіптік бағдар беруші Ж. Каражанова   ата-аналарға балаларының  мамандық таңдауы  бойынша кеңестер беріп, түлектерді таңдаған мамандығы бойынша оқуға түсуіне ата-ана тарабынан қолдау көрсетуіне шақырды. «Бағыт және мамандық» тақырыбында ата-аналар жиналысы  соңында  «Жүрек сыйла» атты және  «Асық таңдау» атты қызықты тренинг өткізілді.Тренинг мақсаты: ата-аналарға балаларына шын жүрекпен, мамандық таңдауға «Сәттілік» тілейді.

Ақпарлама

«Ә.Махутов атындағы мектеп-бөбекжай кешені» КММ-сі кәсіптік бағдар беру бойынша 2025 жылдың қаңтар айының  21 жұлдызында  9-11 сыныптар арасында мектепішілік  «Мамандық таңдауда ата-ананың көмегі қажет пе?» тақырыбында дебеттық пікір талас өткізілді.Мақсаты: оқушылардың бойында жауапкершілік, өзіне деген сенімділік, көшбасшылық, іздемпаздық, шешендік қабілеттерін арттыру.«Мамандық таңдауда ата-ананың көмегі қажет пе?» тақырыбында дебеттық пікір талас атты шараға 9-11 сыныптардан барлығы алты оқушы қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Пікір талас өте тартысты өтті. Шара соңында қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы«2024-2025 оқу жылында
Қазақстан Республикасының
жалпы білім беретін мектептерінде
білім беру процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері туралы»

edu-tradeunion.kz