
Көбеншеев Бекбол Қалдыбекұлы 1.10.1993ж күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосында дүниеге келген.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде білім алған.
Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы КМТжИУ нің тарих факультетін бітірген.
Еңбек жолдары:
2015-2018 жж Манашы орта мектебіне тарих пәні мұғалімі болып орналасты
2018-2024 жж «Бейнеу гимназиясы» КММ де тарих пәні мұғалімі
2024-2026 жж Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2026 жылдан « Ә.Махутов атындағы мектеп-бөбекжай кешені» директоры
Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:
2018 жылы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсынан өткен.
2019 жылы – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының призмасы арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасының оқу курсы» бағдарламасы бойынша сынып жетекшілердің біліктілікті арттыру online оқу курсынан өтті.
2019 жылы – «Өрлеу» БАҰО «сынып жетекшісі жұмысының басым бағыттары: ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау» атты семинарда 16 сағат көлемінде білім алған.
2019 жылдың 28.10 – 06.11 аралығында Маңғыстау облысы «Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК әлеуметтік тапсырысы аясында, МО «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тарих пәнінен олимпиадалық есептер шығарудың тиімді әдістері» атты оқыту курсынан өтті.
Марапаттары мен жетістіктері:
2019 жылы Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Бейнеу мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне байланысты ұйымдастырылған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты мерекелік шараға белсене атсалысқаны үшін Алғыс хат;
2019 жылы Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған II республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында III орын;
2020 жылы «Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі» аудандық олимпиадасында I дәрежелі дипломмен марапатталды;
2020 жылы Облыстық «үздік тарих және құқық пәні мұғалімі» қашықтық олимпиадасының құқық пәні бойынша II орын иеленді;
2020 жылы Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында II дәрежелі диплом иеленді;
2020 жылы Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым;
2021 жылы Кеңес Одағының Батыры Мәди Бегеновтың 105 жылдығына орай «Ерлігі-ұран, мінезі-қыран Ер Мәди» тақырыбындағы аудандық шарада Маңғыстау облысының білім басқармасының «Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының Алғысымен марапатталды;
2022 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының басшысының Алғысымен марапатталды;
2022 жылы Аудан әкімінің орынбасарының Алғысымен марапатталды;
2017-2018, 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдары Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың пәндік олимпиадасында қазылар алқасының құрамында қазылық етті.
2022жылы «Білімнің басты құндылықтары: отаншылды, білімге құштарлық, еңбекқорлық» атты облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінің жүрмелі панельдік сексиясында іс-тәжірибемен бөліскенім үшін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының сертификатын алды.
Оқушы жетістіктері
2019 жылы – Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-8 сынып оқушыларының пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 6 сынып оқушысы Төлепберген Ханзила II орынды иеленді;
2019 жылы – Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 10 сынып оқушысы Шығырбаева Айгерім III орынды иеленді;
2019 жылы – Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты II республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Кішкентай Отанымның символы» бөлімі бойынша10 сынып оқушысы Шығырбаева Айгерім I орынмен марапатталды;
2019 жылы – Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсына қатысқаны үшін 10 сынып оқушысы Шығырбаева Айгерім Сертификатпен марапатталды;
2019 жылы – Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты II республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Төрт номинация» бөлімі бойынша 9-10 сынып оқушылары II орынды иеленді;
2019 жылы – Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты II республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде 10 сынып оқушысы Шығырбаева Айгерім I дәрежелі дипломмен марапатталды;
2020 жылы – Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты III республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Менің кіші Отанымның тарихы» бөлімі бойынша 10 сынып оқушысы Исламова Айниза I орынды иеленді;
2020 жылы – Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты III республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Менің туған жерім» эссе номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Еленова Гүлнұр I орынды иеленді;
2020 жылы – 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 6 сынып оқушысы Дүйсенбі Нұрай II орынды иеленді;
2020 жылы – Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 9 сынып оқушысы Серікова Гүлжаһан I орынды иеленді;
2021 жылы – Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының олимпиадасының аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 6 сынып оқушысы Дүйсенбі Нұрай I орынды иеленді;
2021 жылы – «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың IVреспубликалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Серікова Гүлжаһан I дәрежелі дипломмен марапатталады;
2021 жылы – «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың IV республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Бөріш Анаргүл I дәрежелі дипломмен марапатталды;
2021 жылы — «Менің кіші Отаным» атты IV республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде 10 сынып оқушысы Серікова Гүлжаһан III дәрежелі дипломмен марапатталады.
2022 жылы – Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 10 сынып оқушысы Серікова Гүлжаһан I дәрежелі дипломмен марапатталады;
2022 жылы – Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 10 сынып оқушысы Серікова Гүлжаһан III дәрежелі дипломмен марапатталды;
2022 жылы – «Ұлы Жібек Жолы Маңғыстауда» атты конкурсының аудандық кезеңінде «Номад» командасы I дәрежелі дипломмен марапатталды;
2022жылы III дәрежелі ДИПЛОМ білім алушылар арасында «Ұлы Жібек жолы Маңғыстауда» атты конкурстың облыстық кезеңінде «Бейнеу гимназиясы» КММ нің «Номад» командасы марапатталады жетекшісі: Көбеншеев Бекбол, Н.Жолдасбаев, А.Мирманова.
