Мектеп кітапханасында оқырмандарға сапалы қызмет көрсету, кітапханада мәдени-көпшілік іс шаралар ұйымдастыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапхана қорын есепке алу, кітап қорының сақталуын ұйымдастыру жұмыстарына міндетті.
Осы тұрғыда мектеп кітапханасында бір қызметкер оқырмандарға қызмет көрсетеді. 2024-2025 оқу жылында кітапхана қорында 15135 дана кітап қоры бар. Оның ішінде 10930 дана оқулық, көркем әдебиет 4205 дана. Биылғы оқу жылында екінші сынып және дайындық сыныбына 1383 дана оқулық, көркем әдеби кітап 510 дана келді.
Мектеп кітапханасында оқырмандарды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани біліммен қаруландыру мақсатында «Мен қай ертегіденмін?» атты ертегілер оқу шарасы ұйымдастырылды. Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасында айыра білуге, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шара балалар үшін өте қызықты өтті.

